Саясат

Үкіметтің жаңа құрамы: ең жас министр

Жазылу
Yandex newsTelegram
Министрлер кабинетінде екі адам ғана ауысты. Олар – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен ұлттық экономика министрі

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі атанған Әсет Ерғалиев үкімет мүшелерінің арасындағы ең жасы. Ол 34 жасында министрлік тізгінін қолына алды. Sputnik Қазақстан жаңа министрдің өмірбаянын ұсынады.  

Екі рет вице-министр болды

Әсет Арманұлы Ерғалиев 1987 жылғы 18 маусымда дүниеге келген. 2008 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институты бітірген. Швецияның Халықаралық бизнес мектебінде, Йорк университетінде және Ноттингем университетінде оқыған.

Политолог Данияр Ашимбаев   - Sputnik Қазақстан
Саясат
Үкімет басына кім келеді – саясаттанушы үш адамның атын атады
2010 жылдан бастап Лондондағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің экономикалық департаментінде Шығыс Еуропа мен Кавказ аймақтық саясат сарапшысы, одан кейін департаменттің бас маманы болып жұмыс істеді. 2011 жылы экономикалық департаменттің аймақтық экономист дәрежесіне көтерілді.

2013 жылдан 2016 жылға дейін – "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ директорының орынбасары, вице-президенті, басқарма төрағасының орынбасары, "Кәсіпкерлікті дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ басқарма төрағасы.

2016 жылы – "Бәйтерек" ҰБХ"АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі;

2016 жылдан 2018 жылға дейін – премьер-министрдің кеңесшісі;

2018 жылы – премьер-министрі кеңсесінің жобаларды басқару орталығының меңгерушісі;

2018 жылдан 2019 жылға дейін – ұлттық экономика вице-министрі;

2019 жылдың наурызынан – премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары;

2019 жылдың тамызынан бастап ұлттық экономика вице-министрі қызметін атқарды. Ал бүгіннен бастап министр қызметіне кірісті.

Жаңалықтар
0