АЛМАТЫ, 18 қаңтар — Sputnik. Түркістан облысында Көкпар ұйымдастырылып, екі жүздей адам жиналды. Ойын Жетісай ауданы Жамбыл ауылының маңында өтті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ауыл тұрғыны санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзып, жарыс ұйымдастырған.
Оған қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша жеке тұлғаларға 30 АЕК (1 АЕК – 2 917 теңге) көлеміндегі айыппұл салынады. Кәсіпкерлер үшін 230-дан 600 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған.
Полицейлер тұрғындарға карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық норма талаптарын бұзбау керектігін еске салады. Базар, дүкен және адамдар көп жиналатын басқа да жерге барғанда, қоғамдық көлікке мінгенде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтау шарт.
Той, жиын, көкпар немесе басқа да адамдардың денсаулығына зиян келтіретін іс-шараларды ұйымдастырмауға болмайды.