Қоғам

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы Ресейде тексерістен өтті

© Sputnik / Абзал КалиевКарагандинский фармацевтический комплекс
Карагандинский фармацевтический комплекс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды ​​фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының сапасына қатысты жауап алды. 6000 дозадан тұратын тәжірибелік партия желтоқсанда тексеріске жіберілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды ​​фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.   

"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.

Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.     

"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.

Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.   

"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр 

Бұған дейін Қарағанды ​​фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 ​​қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын  жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.    

Жаңалықтар
0