Әлем

Лавров Латвияда журналистерді қудалауға қатысты пікір білдірді

© Photo : Пресс-служба МИД РФ / Медиабанкке өтуМинистр иностранных дел России Сергей Лавров
Министр иностранных дел России Сергей Лавров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еске салсақ, Sputnik және Baltnews ақпарат агенттіктерімен серіктестік орнатқан журналистерге қылмыстық қудаулау қаупі төніп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Ресейдің сытқы істер министрі Сергей Лавров Латвиядағы орыс тілді журналистерді ұстау және олардың үйінде тінту жүргізуге байланысты пікір білдірді.

Өткен жылдың желтоқсан айының басында Sputnik и Baltnews агенттіктерімен әріптестік қарым-қатынас орнатқан латвиялық журналистерге Еуроодақ санкциялары режимін бұзу туралы айып тағылды. Оларға айыппұл салудан абақтыға жабуға дейінгі жаза қолданылуы мүмкін. Латвияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Sputnik Латвия және Baltnewsақпараттық порталының жеті қызметкерін ұстап, олардың пәтерлеріне тінту жүргізген.

"Біз маңызды қадамдар жасап жатырмыз және бұл мәселені аптасайынғы жиындарда талқылап келеміз. Біз міндетті түрде халықаралықмеханизмдерді іске қосу керекпіз. Сондықтан, БҰҰ мен ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесіне ұсыныс жолдадық. Бұл жұмыстарды жалғастырамыз", - деді Лавров баспасөз конференциясында.

Ол "БАҚ бостандығын өрескел бұзудың бұлтартпас фактілері" бар екенін айтты.

"Біз сәйкес конвенцияларда бар және мұндай заң бұзушылық толық тоқтағанға дейін заң бұзушының "жанына тыныштық бермеуді" қарастыратын механизмдерді іске қосқымыз келеді", - деді Лавров.

"Латвиядағы жағдайға қатысты айтсақ, мұнда орыс тілі туған тіл немесе Латвия халқының 40 проценті орысша ойлайды, өмір сүреді және қолданады. Осылайша, өз отандастарына қатысты құрметтемеудің айқын көрінісін паш ету үшін арнайы саяси бейімдеу болуы керек шығар", - деп атап өтті министр.

"Сонымен қатар, сотқа жүгінуге құқылы үкіметтік емес ұйымдарды жұмысқа тарту жоспарланып отыр. Қазір халықаралық заңгерлермен жұмыс жүргізіліп жатыр, шет мемлекетте тұратын ресейліктердің құқықтарын қорғаумен айналысатын қорды қолдану жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0