Қоғам

Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 10 адам қайтыс болды

© Sputnik / Павел Львов / Медиабанкке өту Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото
 Аппарат для искусственной вентиляции легких в больнице, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы коронавирустан 2 416 адам, ал пневмониядан 540 науқас көз жұмғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды. 

18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясынан 24 875 адам емделіп жатыр (13 180 КВИ+ және 11 695 КВИ-), олардың 6 570-і стационарлық, 18 305 науқас амбулаторлық жағдайда ем қабылдауда.

Науқастар арасында КВИ+ және КВИ-:

  • ауыр жағдайда – 294 адам,
  • өте ауыр хәлде – 60 адам;
  • өкпені жасанды желдету аппаратына 40 адам қосылды.

Пандемия басталғалы коронавирустан 2 416 адам, ал пневмониядан 540 науқас көз жұмды.

Жаңалықтар
0