АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов туысы Омар Нурмагомедов қазақстандық Сергей Морозовқа қарсы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтты.
2021 жылдың 20 қаңтарында өтетін кездесу Сергей Морозов пен Омар Нурмагомедов үшін UFC-тегі дебют болады.
"Барлығы жоспар бойынша жүріп жатыр, 20 қаңтарда Омар қуантуы тиіс. Барлық ауыр жаттығулар артта, салмақты реттеу ғана қалды, кестеден озып келе жатырмыз", - деп жазды Хабиб Instagram парақшасында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық спортшы Сергей Морозов желідегі парақшасында сурет жариялап, жекпе-жекке дайын екенін жазды.
"Салмақты реттеу ғана қалды, жекпе-жекке дайынмын. Қазақстан, алға", - деп жазды Морозов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бастапқыда жекпе-жек 2020 жылдың аяғында өтеді деп жоспарланды. Алайда қазақстандық спортшының ауырып қалуына байланысты кейінге шегерілді. Бұдан соң жекпе-жек 20 қаңтарға жоспарланған UFC on ESPN 20 турниріне ауысты.