Саясат

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі туралы не білеміз

© Photo : primeminister.kzСерік Шәпкенов
Серік Шәпкенов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Серік Жамбылұлы 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Президент жарлығымен Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындалды.

Экономист-математик

Серік Жамбылұлы 1979 жылы 29 шілдеде Батыс Қазақстан облысындағы Қаратөбе ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін жоғарғы кәсіби білімді экономист-математик мамандығы бойынша тәмамдаған. Содан бастап өзі бітірген университетте оқытушылық қызметке кірісті. Ал бір жылдан кейін Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы болып жұмыс істеді.

Здание правительства РК в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Саясат
Тоқаев үкіметтің жаңа мүшелерін тағайындады
2002 жылдың маусымынан бастап 2006 жылдың қаңтарына дейін – Батыс Қазақстан қаржы басқармасының жетекші маманы, бас маманы. Одан кейін БҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторды дамыту бөлімінің бастығы болды.

Ал 2006 жылдың наурызында БҚО ауыл шаруашылығы департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы қызметіне тағайындалды.

2007 жылдың басында ауыл шаруашылығы департаменті директорының орынбасары, қазан айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары. 2009 жылы қыркүйек айында басқарма бастығына дейін көтерілді.

  • 2014 жылы – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі;
  • 2018-2020 – Атырау облысы әкімінің орынбасары;
  • 2020 жылдың маусым айынан бері еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметін атқарып келген.
Жаңалықтар
0