Қоғам

Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті

Жазылу
Әнші кеше жедел жәрдем шақырып, ауруханаға жеткізілген. Алдымен пневмония, кейін коронавирус диагнозы қойылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Мейрамбек Бесбаев коронавирус диагнозымен ауруханаға түсті.

"Кеше жедел жәрдем шақырды. Кенеттен жағдайы нашарлап кетті. Бірінші пневмония деді, кейін коронавирус диагнозы қойылды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне "МузАРТ" тобының директоры Ерлан Жүнісбай. 

Ол қазіргі уақытта әншінің жағдайы жақсарғанын айтты.

"Халық та өз денсаулығына барынша мұқият болсын деп, болған жағдайды айтып отырмыз", - деді Жүнісбай.

"МузАРТ" тобының директоры Мейрамбек Бесбаев дәрігерлерге алғыс білдіргенін жеткізді.

Жаңалықтар
0