Әлем

Кеңес одағының батыры коронавирустан қайтыс болды

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуЦветы и свечи, архивное фото
Цветы и свечи, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Генерал-полковник Николай Антошкин 79 жасқа қараған шағында мәскеулік ауруханалардың бірінде көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Ресейдің мемлекеттік думасының депутаты, Чернобыль апатының зардабын жоюға атсалысқан атақты ұшқыш Николай Антошкин Мәскеуде коронавирус инфекциясынан қайтыс болды.

Антошкиннің өмірден озғанын "Әскери басшылар клубы" аппаратының жетекшісі Николай Дерябин хабарлады, деп жазады РИА Новости.

Ол генерал-полковникті ақтық сапарға шығарып салу қашан және қай жерде өтетіні әзірге белгісіз екенін жеткізді.

"Бұл мәселені отбасымен талқылап жатырмыз. Ол бүгін таңертең қайтыс болды. Коронавируспен ауырды", - деген "Единая Россия" фракциясының басшысы Сергей Неверов Антошкиннің туыстарына көңіл айтты.

Николай Антошкин 1942 жылы Башқұртстанда  туған. Ол 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардабын жою кезінде авиация тобын басқарады. Қираған энергоблок үстіндегі ұшу операцияларына қатысқан. Осы үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

VI және VII шақырылымдағы мемлекеттік думаның депутаты болды.

Жаңалықтар
0