Оқиға

Алматыда автобус ер адамды қағып кетті

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам өте ауыр жағдайда  4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жинамастан қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. Өткен түнде Алматыда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Потатин көшесіндегі 4-ші қалалық клиникалық аурухана маңында болған. 118-ші автобус солтүстік бағытқа қарай қозғалды. Ал қарама-қарсы жақтан жедел жәрдем көлігі келе жатты. Ол алыстан көруге арналған жарығын қосып қойған. Автобус жүргізушісі жедел жәрдем көлігінен түскен жарық салдарынан жаяу жүргіншіні көре алмай қалды.

© Sputnik / СтрингерОқиға орнында түсірілген сурет
Алматыда автобус ер адамды қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Оқиға орнында түсірілген сурет

1964 жылы туған ер адам өте ауыр жағдайда 4-ші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді. Ол есін жинамастан қайтыс болды. Туыстарының айтуынша, ер адам зағип болған.

Жол апаты кезінде автобус паркке бара жатты, ішінде жолаушылар болған жоқ.

Жаңалықтар
0