Өңірлер

Қазақстандық әйел баннердегі сурет үшін әкімдіктен миллион теңге сұрап отыр

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа қарсы науқанның символына айналып үлгерген суретті қазір әр қадам сайын кездестіруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Алматы облысының тұрғыны Самал Омарова Алматы әкімдігінен өзінің суретін баннерде коронавирусқа қарсы насихат ретінде пайдаланғаны үшін гонорар төлеуді сұрап отыр, деп хабарлады 31 арна.

Бетперде киген қыздың суреті COVID-ке қарсы науқанның символына айналып үлгерді. Ол алғаш рет былтыр көктемде Алматыдағы баннерлерде көзге шалынды. Қазір оны әр қадам сайын – қоғамдық көліктерде, аялдамаларда және ғимараттардың кіреберісінде кездестіруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информбюро 📺📲🎤 (@informburo31)

Өткен жылы Алматы әкімдігі баннер кейіпкері филиппиндік әйел екенін, ал сурет интернеттен алынғанын мәлімдеді. Бірақ Алматы облысының тұрғыны, қазақ әйел Самал Омарова маңдайшадағы фото өзінікі екеніне сенімді. Оның суретін біреу рұқсатсыз пайдаланған көрінеді.

Самал Алматы облысының Жанашыр ауылында тұрады. Үш қыз тәрбиелеп отыр, сүт зауытында лаборант болып жұмыс істейді. Баннерлерде бетперде киген қыздың суреті пайда болған кезде, оның суретін неге барлық жерге іліп қойғанын бірінші болып Самалдың анасы сұраған. Дәл осы сұрақты күйеуі мен қызы да қойыпты.

Самал оны кім және қашан түсіріп алғанын білмейді. Мұны банкте жасырын жасаған деп топшылайды.    

Самал өзінің бейнесін пайдаланғандықтан гонорар алуға құқылымын деп санайды. Ол жарнама агенттігіне хат жазып үлгерген. Ондағылар әкімдікке жіберіпті.

"Менің фотосуретімнің барлық жерде болғанына қуаныштымын. Жарнамаға алты миллион бөлінген, ең болмағанда маған миллион теңге беруге болады ғой", - дейді келіншек.

Фотограф-дизайнер Максим Леонидов мұндай суреттерді сапалы құралды қолдану арқылы ғана жасауға болатындығын айтады.

"Мұндай суретті банкте адамға байқатпай, жасырын түсіріп алу мүмкін емес. Шынында да, көздері ұқсас. Бірақ филиппиндік модельдің тұтас фотосессиясы бар, онда сәнгер маскасыз да түскен", - деп атап өтті Леонидов.

Жаңалықтар
0