Өңірлер

Куратор желі арқылы жетекшілік еткен: Ақтөбеде 18 жастағы екі студент сотталды

© AFP 2024 / DANIEL ROLANDЕсірткі заттары, архивтегі сурет
Есірткі заттары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Олардың жатақханадағы бөлмесін тінту кезінде буып-түю материалы мен тараз, қасық және көк түсті химиялық заттар табылды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Ақтөбеде есірткі дайындаумен айналысқан колледждің 18 жастағы екі студенті сотталды, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді тұтқындаған кезде олардың көгілдір кристалл үлгісіндегі ұнтақ салынған 22 пакет жасап үлгергені анықталды.

Ал жатақханадағы бөлмесін тінту кезінде полицейлер буып-түю материалы мен тараз, қасық және көк түсті химиялық заттар тәркіледі. Мұның бәрі есірткіні дайындау және тарату үшін қолданылған.

Оқи отырыңыз: Суицидке жетелейтін "Синий кит" ойынының баламасы қазақ тілінде пайда болды

Тергеу барысында жастардың курьер деп аталатындар әлеуметтік желідегі кураторының бұйрығымен әрекет еткені анықталды.

"Тұрғындарға темекі мен оның түрлі қоспаларын таратумен айналысатын курьерлерді жалдау қызметіне қатысты ақпараттарды аса сақтықпен қабылдауға шақырамыз. Өйткені, оның артында әрқилы құйтұрқы әрекеттер жатуы мүмкін", – делінген полиция хабарламасында.

 

Жаңалықтар
0