Қоғам

Алматыда зейнеткер полиция қызметкерлеріне шабуылдады – видео

CC0 / roegger / Спрей
Спрей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде егде жастағы ер  адамның полицейлермен ашулы кейіпте тілдесіп, бұрышты баллон спрейін шашып, шабуыл жасаған видеосы тарады.

Видеода ол тәртіп сақшыларының сабырға шақырғанына көнбей, тіпті жиналғандардың бәрін бүріккішпен қорқытып, қуа бастайды. Нәтижесінде, бірнеше полиция қызметкері зардап шеккен. 

Әлеуметтік желідегі жазбаларда екі жыл бойы анасын көрмеген төрт жасар қызға қатысты қақтығыс туындағаны айтылады. Ал шабуылдаушы зейнеткер – қыздың атасы. Полицейлер бала мен анасын табыстыру үшін келгенімен, жағдай мүлдем басқаша сипат алған.

Алматы полициясы бұл видео Наурызбай ауданында 2020 жылдың 7 желтоқсанында түсірілгенін мәлімдеді.

"Учаскелік инспектор мен ювеналды полиция, жеке сот орындаушысы және қамқоршылық органның өкілі 2016 жылы туған қызды анасына тапсыру үшін зейнеткердің үйіне келген. Осы кезде бүлдіршіннің атасы – 1954 жылы туған ер адам өзін ашулы кейіпте көрсетіп, полиция қызметкерлері мен сот орындаушысына бұрышты спрей қолданды", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Қазіргі кезгде зейнеткердің ісі "билік өкіліне күш қолдану" бабы бойынша қаралуда. Оған 3 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл (8 751 000 теңге шамасында) салынып, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Зейнеткер қауіпсіздік жабдықтарынсыз тік жартастарға шығады – экстремалды видео

Жаңалықтар
0