Саясат

Президент саяси жүйеге қатысты тың ұсыныс жасады

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы партия мүшелерінің тізімін және оған қатысты барлық рәсімдерді онлайн форматта жүргізу қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялардың мәжіліске өту шегін бес процентке дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Прзидент аталған норма заң жүзінде тіркелген партияларды алдағы сайлауларға қатысуға ынталандырып, елдегі саяси бәсекенің дамуына септігін тигізетінін атап өтті.

"Саяси партиялардың мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуіміз керек. Осындай шешімді қабылдайтын уақыт келді. Мұндай бастама мемлекеттік саясатты жүргізу үшін халықтың пікірін неғұрлым көбірек қамтып, ескеріп отыруға мүмкіндік береді", – деді Тоқаев VII шақырылымдағы парламент сессиясында.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы партия мүшелерінің тізімін және оған қатысты барлық рәсімдерді онлайн форматта жүргізу қажеттігін жеткізді.

"Осы мақсатта электронды үкіметті барынша пайдалану қажет", – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, парламенттің төменгі палатасына үш партия өтті: Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстан халық партиясы.

  • "Nur Otan" партиясы – 71,09%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95%;
  • Қазақстанның халық партиясы – 9,10%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Адал" саяси партиясы – 3,57%.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.

Айта кетсек, сайлаушылардың 7 процентінен астам даусын жинаған саяси партиялар мәжіліске өтеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Мәжілістің 98 депутаты партиялық тізім бойынша сайланады.

Ал тоғыз депутат Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан келеді. 11 қаңтарда парламент мәжілісінің VII шақырылымына ҚХА-дан сайланған депутаттардың есімі белгілі болды.

Жаңалықтар
0