Қоғам

Бірнеше депутат премьер-министр кандидатурасын қолдамады – Тоқаев не деді

© Официальный сайт Президента КазахстанаҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отырыста депуттатардың басым бөлігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдағаннан кейін ол премьер-министр қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттың премьер-министр кандидатурасын қолдаудан қалыс қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін президент үкімет басшысы қызметіне Асқар Маминді ұсынды. Отырысқа қатысқан қатысқан 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді. Ал 21 адам қалыс қалды. Олар – "Ақ жол" мен ҚХП депутаттары.

"Мемлекет басшысының айтуынша, "Ақ жол" мен Қазақстанның халық партиясының фракциялары қалыс қалды. Меніңше, қалыс қалу ол Қазақстан халық партиясының өкілі айтқандай "президенттің ұсынысын қолдамау" дегенді білдірмейді. Қалыс қалу – мемлекет басшысының ұсынысына қайшы келмейтін ұстаным. Қалыс қалу ол премьер-министрдің кандидатурасына қарсы дауыс беру емес, бұл қалыс қалғанды ғана білдіреді", – деді Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында.

Отырыста депуттатардың басым бөлігі Асқар Маминнің кандидатурасын қолдағаннан кейін оны премьер-министр қызметіне тағайындады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚХП фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров үкімет басшысының кандидатурасын не себепті қолдамайтындарын ашық айтты.

Оның сөзіне қарағанда, үкімет халыққа сенім ұялататын жүйе құра алмады.

Оқи отырыңыз: Ерте тұрады, әлеуметтік желіде отырмайды – Асқар Мамин туралы қызықты деректер

Пандемия және шикізат бағасының құлдырауы халықтың табысының төмендеуіне әкелді. Азаматтар өз табыстарының 50%-тен астамын тек азық-түлікке жұмсады, себебі Қазақстанда азық-түліктің бағасы ЕАЭО-да ең қымбат болып отыр. Ал үкімет статистиканы түзеп қана отырады.

"Президент мырза, бүгін Қазақстанның халық партиясының фракциясы, өкінішке орай, сіздің премьер-министр Асқар Ұзақбайұлы Маминді, оның министрлер кабинетінің мүшелерін қызметінде сақтау туралы ұсынысыңызды қолдай алмайды және дауыс беру кезінде қалыс қалады", – деді Айқын Қоңыров.

Жаңалықтар
0