Саясат

Мамин халық табысын қалай арттыруға болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин на заседании правительства
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин на заседании правительства  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артттыру, инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады, деді Мамин

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин президент жүктеген міндеттерді қалай орындайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін парламенттің бірлескен отырысында депутаттардың басым бөлігі премьер-министр қызметіне ұсынылған Асқар Маминнің кандидатурасын қолдады. Осыдан кейін мәжіліс төрағасы мінберге үкімет басшысын шақырды. Асқар Мамин өзіне сенім білдіргені үшін алғыс айтып, алда маңызды әрі үлкен мақсат-міндеттердің тұрағанын ерекше атап өтті. 

"Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің дамуының басымды бағыттарын жариялады. Соның ішінде ең бастысы - халықтың өмір сүру сапасын және әл-ауқатын жақсарту, халықтың табысын арттыру. Бұл міндеттерді экономиканы қарқынды дамыту арқылы орындауға болады", - деді Мамин. 

Премьер-министрдің айтуынша, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін артттыру, инвестицияларды тарту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру және тағы басқа бағыттар бойынша тиімді шаралар іске асырылады. 

"Осы стратегиялық міндеттерді іске асыруда үкімет парламентпен бірге үйлесімді әрі нәтижелі жұмыс жасайтын болады", - деп атап көрсетті Мамин.

Отырысқа қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрді құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. 

"Асқар Ұзақбайұлы шын жүректен құттықтаймын. Үлкен лауазым, үлкен жауапкершілік. Сондықтын жұмысыңыз мардымды, табысты, жемісті бола берсін", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Асқар Мамин Қазақстанның премьер-министрі болып тағайындалды. 99 депутаттың 78-і қолдап дауыс берді, 21 адам қалыс қалды.

Жаңалықтар
0