НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Индонезияда соңғы тәулікте бірнеше рет жер асты дүмпуі болып, салдарынан жеті адам көз жұмды.
© REUTERS / BASARNAS SULBARИндонезияда жер сілкінісі болды

Индонезияда жер сілкінісі болды
Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бейсенбі күні Индонезияда 5,7 және 6,2 магнитудалы екі жойқын жер сілкінісі болды. Бұған дейін 3 адам қаза тауып, 24 адам жараланғаны туралы ақпарат таратылған болатын.
© REUTERS / BASARNAS SULBARОқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан құтқарушылар
Индонезияның метеорология және геофизика агенттігі жер сілкіністерінен кейін елде кемінде 26 афтершок, яғни кейінгі дүмпу болғанын мәлімдеді. Агенттік тағы бір қуатты жер сілкінісі болса, оның салдарынан цунами таралу қаупі бар екенін айтты.
© REUTERS / ANTARA FOTOҚиранды астында қалған көлік

Қиранды астында қалған көлік
Сондай-ақ, жер сілкінісі салдарынан жергілікті аурухана ғимараты құлап, медицина қызметкерлері мен емделушілер үйінді астында қалғаны белгілі болды.