Қоғам

Атырау тұрғыны темекі ұрлығы үшін 5 жылға сотталды

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуТемекі өндірісі
Темекі өндірісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Департамент өкілдерінің мәлімдеуінше, тіркемесі бар жүк көлігін айдап кетіп ұсталған күдікті екі бап бойынша жауапкершілікке тартылды

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Атырау қаласының №2 соты қылмыстық іс бойынша үлкен көлемдегі темекі партиясын ұрлағаны үшін жергілікті тұрғынды кінәлі деп таныды. Ер адам қылмыстық кодекстің екі бабымен айыпталып отыр.

Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеулер департаментінің мәлімдеуінше, айыпталушы тіркемесі бар жүк көлігін айдап кеткеннен кейін ұсталған. Тіркемеде жалпы сомасы 268 миллион теңгеден асатын 1 690 қорап темекі өнімі болған.

Тауар қылмыстық істі тергеу аясында заттай айғақ деп танылды.

"Атырау қаласының №2 сотының үкімімен күдікті Қылмыстық кодекстің 188-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы (ұрлық) мен 200-бабының 2-бөлімінің 1-тармағы (тонау мақсатынсыз автомобиль немесе басқа да көлік құралын заңсыз иелену) бойынша кінәлі деп танылды", – делінген хабарламада.

Сот айыпталушыға қатысты бес жыл бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Одан бөлек, сотталушы 268 миллион 304 мың теңге көлеміндегі материалдық шығынды өтеуі керек.

Оқи отырыңыз: Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

Жаңалықтар
0