Қоғам

Алматыда мәслихат отырысы өтті: қалада экология бойынша жаңа комиссия құрылды

© Sputnik / Александр МирогловҚысқы Алматы
Қысқы Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы мәслихаты сайлауының қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың 68,11%-і Nur Otan партиясына дауыс берді

АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Алматыда VII шақырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Сессияда мәслихат хатшысы мен жаңадан құрылған тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Сонымен қатар "Алматы–2025" даму бағдарламасы бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қаланың маңызды мәселелерінің бірі – экология. Сондықтан экология, туризм және қоғамдық кеңістікті дамыту бойынша жаңа комиссияны құрып, оның басшысы етіп азаматтық сектордың тәжірибелі өкілі Алтынай Көбееваны тағайындау керек", – деді қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар тұрақты комиссиялардың төрағалары да сайланды:

  • Стратегиялық жоспарлау, бюджет және тиімділік жөніндегі комиссия, басшысы – қаржыгер, "Алматы" ӘКК »АҚ басқарма төрағасы Асқар Білісбеков;
  • Көлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жөніндегі комиссия, басшысы – тәжірибелі жол салушы және коммуналшы, "Жол-Транссервис 2006" бас директоры Есенгелді Талбидинов;
  • Қала құрылысы, тұрғын үй және жерді пайдалану жөніндегі комиссия, басшысы – құрылысшы, DWS group компаниясының директоры Максим Финогенов;
  • Кәсіпкерлікті, инновацияны, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі комиссия, басшысы – кәсіпкер, Tanmedia Group директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов;
  • Жергілікті мемлекеттік басқару және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комиссия, басшысы – мемлекеттік қызметкер, Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашева;
  • Әлеуметтік-мәдени даму, жастар және қоғамдық коммуникациялар жөніндегі комиссия, басшысы – өнер қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев.

Дауыс беру нәтижесінде тұрақты комиссиялардың жұмысын қайта форматтау және жетіншісін құру туралы ұсынысты Алматы мәслихатының депутаттары бірауыздан қолдады.
Сессия барысында "Алматы–2025" даму бағдарламасы да қабылданды. Сонымен қатар мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева мәжілісте немен айналысады

Айта кетейік, Алматы мәслихаты сайлауының қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың 68,11%-і Nur Otan партиясына дауыс берді, "Ақ жол" демократиялық партиясы 10,11% дауысқа ие болды. "Ауыл" демократиялық патриоттық партиясы сайлаушылардың 7,68% дауысын алса, Қазақстан халық партиясы – 7,31% және "Адал" саяси партиясы – 6,79% дауыс жинады.
Осылайша төрт партия мүшесі мәслихат депутаты болады:

  • Nur Otan – 29 мандат;
  • Ақ жол – 4 мандат;
  • Қазақстан халық партиясы – 3 мандат;
  • Ауыл – 3 мандат;
  • "Адал" партиясы – 7% дауыс жинамағандықтан, мәслихаттан орын иеленбейді.

Айта кетейік, партиялық тізім бойынша Алматы қаласы мәслихатына дауыс беру 2021 жылдың 10 қаңтарында жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін өтті.

 

Жаңалықтар
0