Саясат

Сенат төрағасы: сайлау заң аясында өтті

© Photo : Пресс-служба саната парламента Казахстана Спикер сената Маулен Ашимбаев
Спикер сената Маулен Ашимбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
15 қаңтарда VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сайлау заң аясында және халықаралық стандарттарға сай өткенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

"10 қаңтарда мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті. Сайлаудың қорытындылары жарияланды. Халқымыз белсенділік танытып, өз таңдауын жасады. Сайлау заң аясында және халықаралық стандарттарға сай өтті. Шетелдік сарапшылар мен халықаралық байқаушылар да жоғары баға беруде", - деді Әшімбаев сенаттың жалпы отырысында.

Осы орайда сенат төрағасы өткен сайлауда мемлекет басшысының бірқатар саяси реформалары алғаш рет іске асырылғанын да еске салды.

"Қазақстандықтар Елбасы саясатының сабақтастығын қолдап, президентіміз жариялаған партия бағдарламасы үшін дауыс бергені анық. Сайлаудың нәтижесі еліміздің дамуына тың серпін береді деп сенеміз", - деп атап көрсетті Әшімбаев. 

Ертең, 15 қаңтарда VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. 

"Осылайша, еліміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығын жаңа құрамдағы парламентпен қарсы алады. Қазіргі таңда парламенттің алдында Елбасы мен мемлекет басшысы белгілеп берген жалпыхалықтық міндеттер тұр. Соның бәрін нәтижелі іске асыру үшін сенат мәжіліспен бірге сапалы заңдар қабылдауға тиіс", - деді Әшімбаев.

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслхаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қорытындысына сәйкес, парламент төменгі палатасына үш партия өтті - Nur Otan, "Ақ жол" және Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистік партия). Сондай-ақ, мәжіліс депутаттарының қатарына Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де енді. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

 

Жаңалықтар
0