Қоғам

Облыс және қала әкімдері қабырғасы шыныдан жасалған кабинетке отырғызылады

© Sputnik / Абзал КалиевПредседатель Агентства по противодействию коррупции Алик Шпекбаев
Председатель Агентства по противодействию коррупции Алик Шпекбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде жергілікті жерде департамент басшылары мен аудан әкімдері қабырғасы шыныдан жасалған кабинеттерде жұмыс істейді  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда облыс және қала әкімдерін іші көрініп тұратын кабинеттерге отырғызуы мүмкін. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Бұның бәрі біртіндеп жасалады. Қазір ол жақта кейбір ғимараттар кеңестік заманда салынған. Оны қайта салып шығу мүмкін емес. Ал жаңа ғимаратта міндетті түрде болады", - деді Шпекбаев журналистерге берген сұхбатында.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тоғыз бірдей әкім отставкаға кетуге өтініш берді 

Агенттік басшысы осы саладағы жұмыстың кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді. Аудан әкімінен бастап барлық шенеунік ашық кабинетте отырады.

"Мысалы, қазір аудан әкімдері бірінші қабатта шынымен бөлінген кабинетте жұмыс істейді. Уақыт керек. Мен Алматы облысында болғанмын. Департамент басшылары да, аудан әкімдері де, ауыл әкімдері де солай. Біртіндеп жасалады. Бәрін бір күнде жасау мүмкін емес", - деп атап өтті Шпекбаев.

Оның айтуынша, барлық мемлекеттік органды трансформациядан өткізу жоспарланып отыр. Сонда олардың жұмысы ашық, ал халыққа қолжетімді болады.

"Біз осы жұмысты жалғастыра береміз. Қазірдің өзінде біраз шаруа атқарылды. Аудан әкімдерінің барлығы осы стандартқа ауысты деуге болады. 1 400 ұйым Open space форматында жұмыс істеді. Шамамен, 900 фронт-офис ашылды", - дейді Шпекбаев.

Айта кетейік, жақында агенттік басшысы өзінің Facebook парақшасында білім беру мен денсаулық сақтау мекемелеріне жетекшілік ететін 5 мыңнан астам басшының бірінші қабатқа көшіп, сол жердегі шыны кабинетке орналасқаны жайында жазды.

Жаңалықтар
0