Қоғам

"Ақ жол" мен Қазақстан халық партиясы парламенттік оппозицияға кірді

© Sputnik / Владислав ВодневНародная партия Казахстана. Депутаты Мажилиса, 7 созыв
Народная партия Казахстана. Депутаты Мажилиса, 7 созыв - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Парламенттік оппозиция" ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітілді, оның құрамына кіруге мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. VII шақырылымда парламенттік оппозицияға "Ақ жол" демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясының депутаттары кірді, деп хабарлады төменгі палатаның баспасөз қызметі.

Мәжілісте парламенттік көпшілік және парламенттік оппозицияға кіретін саяси партиялардың фракциялары басшыларының кеңесі өтті. 

"Парламенттік оппозиция" ұғымы қолданыстағы заңнамамен бекітілді, оның құрамына кіруге мәжіліске өткен партиялардың мүмкіндігі бар.

Оқи отырыңыз: Елорда мәслихатына кімдер өтті – депутаттардың толық тізімі жарияланды 

Ол үшін палатада тіркелу кезінде партия өзінің парламенттік оппозицияға қатыстылығын мәлімдеуі тиіс.

"Дауыс беру нәтижесінде және мәжіліске берілген хабарламаларға сәйкес, VII шақырылымда парламенттік оппозицияға "Ақ жол" демократиялық партиясы және Қазақстан халық партиясының депутаттары кірді", - делінген мәжілістің хабарламасында.

Парламенттік оппозицияға қандай құқық беріледі

Парламенттік оппозиция мәжілістегі тұрақты комитетті басқарып, өз депутаттарының арасынан екі тұрақты комитеттің хатшыларын ұсынуға құқы бар.

"Nur Otan" партиясы фракциясының басшысы Нұрлан Нығматулин, "Ақ жол" фракциясының басшысы Азат Перуашев және Қазақстан халық партиясы фракциясының жетекшісі Айқын Қоңыров кеңес өткізді.

Жиында парламенттік оппозиция мүшесінен төраға мен хатшылар сайланатын тұрақты комитеттер анықтады.

Кеңес қорытындысы бойынша мәжіліс комитеті анықтайтын фракция жетекшілерінің бірлескен шешімі шығарылады. Онда парламенттік оппозиция тарапынан төраға мен хатшы, сондай-ақ парламенттік оппозициялардан  осы лауазымға бірегей кандидат бекітілген шешім болады.
 

Жаңалықтар
0