Қоғам

Сайлаудан кейін бюллетендерді қайда жібереді

© Sputnik / Абзал Калиев Подсчет бюллетеней по итогам голосования
 Подсчет бюллетеней по итогам голосования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлау күні дауыс берушілер миллондаған бюллетенді толтырады. Дауыс беру аяқталғаннн кейін бюллетендер саналады да, сайлау қорытындысын шығарады. Sputnik Қазақстан сайлау науқаны аяқталған соң бұл бумаларды қайда жіберетінін анықтап білді

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда президент, парламент депутаттары сайлауындағы жасырын дауыс беруге арналған бюллетендер сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін үш ай бойы сақталады да, содан кейін көзі жойылады. Сайлау құжаттарын сақтау тәртібі осындай.

Бюллетендер қалай сақталады

Облыстық және қалалық сайлау комиссиялары Орталық сайлау комиссиясына бюллетендерді мөрмен бекітілген қалыпта, оның ішінде толтырылған бланкілерді, сайлаушылар тізімі мен оларға арналған құжаттарды қоса ұсынады.

Сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін ОСК-да құжаттар құпия ақпарат ретінде үш ай бойы сақталады.

© Sputnik / Абзал КалиевСайлаудан кейінгі дауыс санау
Сайлаудан кейін бюллетендерді қайда жібереді - Sputnik Қазақстан
Сайлаудан кейінгі дауыс санау

Мәслихат (жергілікті өкілеттік орган) депутаттарын сайлаудағы құпия дауыс беру бюллетендері, жекелей өңделген бланкілер, дауыс берушілер тізімі мен оның құжаттары сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін жергілікті атқарушы органға жолданады. Бұл жерде де құжаттар үш ай бойы сақталып, кейіннен көзі жойылады.

"Құжаттардың көзін жоюмен айналысатын мамандандырылған компаниялар бар. Бюллетендер белгілі уақыт бойы қоймада, күзет қойылып сақталды. Сайлау нәтижесіне шағымдану уақыты аяқталғаннан кейін олардың көзі жойылды", - деді Sputnik Қазақстан тілшісіне 1996-2005 жылдар аралығында ОСК төрағасы болған парламент мәжілісінің депутаты Зағипа Бәлиева.

Бюллетендер қалай жойылады

Өртеу, балқыту, кемінде 2,5 шаршы сантиметр бөліктерге ұсақтау, еріту, химиялық ыдырату, пішінсіз массаға неме ұнтаққа айналдыру арқылы бюллетендердің көзі жойылады.

Жойылған құжаттармен бөгде тұлғалардың танысуына, оларды қайта қалпына келтіру мүмкіндігі болатындай жоюға тыйым салынады.

Парламент сайлауы

Қазақстанда 10 қаңтарда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан мәжілісіне үш партия - Nur Otan, "Ақ жол" және "Қазақстанның халық партиясы" (бұрынғы коммунистер) өтті.

Орталық сайлау комитетінің ақпараты бойынша, Nur Otan партиясына 5 148 074 адам (71,09%), "Ақ жол" партиясына – 792 828 (10,95%), ал Қазақстанның халық партиясына – 659 019 (9,10%) адам дауыс берген.

Бюллетеньдер
Сайлаудан кейін бюллетендерді қайда жібереді - Sputnik Қазақстан
Бюллетеньдер

Республика бойынша бюллетендердің жалпы саны - 12 038 433 (дауыс берушілердің жалпы санының 1% резервімен).

Әрбір дауыс беру бюллетеніне бюджеттен 11,5 теңге бөлінген. Бюллетендерге кеткен жалпы шығын - 138 441 979 теңге (шамамен 330 мың доллар).

Жаңалықтар
0