Қоғам

Жаңадан сайлаған депутаттарды Орталық сайлау комиссиясына жинады

© Sputnik / Абзал КалиевОрталық сайлау комиссиясының ғимараты
Орталық сайлау комиссиясының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ертең VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы жаңадан сайланған барлық депутатты жинап, арнайы куәліктерін тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заңнамаға сәйкес, парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталады. Сайланған депуттарды тіркеу үшін заңнамамен көзделген барлық негіз бар. Осыған орай, күн тәртібіне VII шақырылған Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы мәселе шығарылып отыр", – деді комиссия төрағасы Берік Имашев ОСК-ның бүгінгі отырысында.

Отырыс барысында комиссия мүшелері жаңадан сайланған мәжіліс депутаттарын тіркеу туралы қаулыны бірауыздан қабылдады. Осыдан кейін оларға куәліктер мен депутаттық белгілер табысталды.

Айта кетейік, ертең 15 қаңтарда VII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясы ашылады. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Мәжіліс сайлауы

Осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесі бойынша:

  • Nur Otan партиясы – 71,09%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Адал" партиясы – 3,57%.

Сайлаушылардың 7%-тен астам дауысын жинаған партиялар парламенттің төменгі палатасына өтті.

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы үш партияның қанша мандат алғанын жариялады. "Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алды.

Оқи отырыңыз: Атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойды

Қазақстанда VII шақырылымдағы мәжіліс депутаттарының толық тізімін мына жерден көруге болады.

Жаңалықтар
0