Қоғам

Назарбаев партияластарынан Асқар Маминді қолдауды сұрады

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПремьер-министр Аскар Мамин на первом заседании Высшего cовета по реформам
Премьер-министр Аскар Мамин на первом заседании Высшего cовета по реформам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы қиындықтарға қарамастан, үкімет өз жұмысын орындағанын атап өтті. Қазақстан басқа елдермен салыстырғанда жақсы нәтиже көрсеткен

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan фракциясы атынан партия мүшелеріне өтініш жасады – премьер-министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасы ұсынылған жағдайда, оны қолдауды сұрады.

"Барлық қиындыққа қарамастан, үкімет өз жұмысын орындады. Басқа елдердің жанында біз жақсы нәтиже көрсеттік. Егер президент үкімет басшысы лауазымына Мамин Асқар Ұзақбайұлын ұсынса, фракциядан оның кандидатурасын қолдауды сұраймын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеті тоқтатылады. 10 қаңтарда Қазақстанда парламенттің төменгі палатасы – мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті.  

Асқар Маминнің өмірбаяны

Асқар Ұзақбайұлы Мамин 1965 жылы 23 қазанда Целиноград қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы Ресей Федерациясы үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын тәмамдады.

Әйелі – Алтынай Қасымқызы. Балалары – ұлы Данияр мен қызы Динара.

Еңбек өтілі

Монтаждаушы, "Целинтяжстрой" трестінің шебері (1987-1988 жж.);

Қазақстанның инновациялық кәсіпорындары одағы бас директорының орынбасары (1991-1993);

"Интер-Ишим" ҚК бас директоры (1993-1996);

Ақмола (Астана) қаласы әкімінің бірінші орынбасары (1996-2000);

Ақмола АЭА әкімшілік кеңесі төрағасының орынбасары (1998-2000);

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар вице-министрі (2000-2002);

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы (2000-2001);

"Инком Астана" ЖШС бас директоры (2002-2003);

Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және сауда министрлігінің бірінші вице-министрі (2003-2004);

Қазақстан Республикасы көлік және коммуникациялар министрі (2005-2006);

Астана қаласының әкімі (2006-2008);

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ президенті (2008-2016);

Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары (2016);

Қазақстан Республикасының премьер-министрі (2019 жылдың ақпанынан қазірге дейін).

Жаңалықтар
0