Қоғам

Назарбаев Нығматулиннің кандидатурасын басшылық қызметке ұсынды

© Photo : Пресс-служба мажилиса парламента КазахстанаСпикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин
Спикер мажилиса парламента Нурлан Нигматулин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрлан Нығматулин V және VI шақырылған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы қызметін атқарды

АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне ұсынды. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter парақшасында хабарлады.

Нұрлан Нығматулиннің өмірбаяны

Нұрлан Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдар докторы. Институтты бітіргеннен кейін "Қарағандыоблгаз" өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.

1985-1990 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болды.

1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.

1993-1995 жылдары – "Тенгри" қазақ-американ бірлескен кәсіпорнының президенті.

1995-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.

2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары.

2006-2009 жылдары – Қарағанды облысының әкімі.

2009-2012 жылдары – "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары.

2012 жылдың 20 қаңтар – 2014 жылдың 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы, "Нұр Отан" халықтық демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі болды.

2014 жылдың 3 сәуірі – 2016 жылдың 21 маусымы аралығында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің төрағасы болып бірауыздан сайланды, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

2019 жылдың 22 тамызынан "Nur Otan" партиясының мәжілістегі фракциясының басшысы болды.

2016 жылдың 22 маусымынан бастап Қазақстан парламенті мәжілісінің төрағасы.

Үйленген. Үш баласы, төрт немересі бар. 

Жаңалықтар
0