НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болғанын хабарлады.
Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері республика бойынша 3 адам коронавирустан, ковидтік пневмониядан 2 адам көз жұмды. Бір күн бұрын қайтыс болғандардың саны екі есе артық тіркелген.
13-14 қаңтар аралығында коронавирус 834 адамда анықталса, ковидтік пневмония 91 адамда тіркелді.
Қазіргі кезде 23 608 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олар:
- 11 759 науқас (КВИ+)
- 11 849 науқаст (КВИ-)
Стационарларда 5 850 пациент жатыр. Ал 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр. Науқастардың жағдайы әртүрлі.
- 272 адамның жағдайы ауыр;
- 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр;
Айта кетейік, пандемия басталғалы Қазақстанда 165 311 адамда коронавирус анықталды. 2 380 науқас қайтыс болды. Бұдан бөлек, өткен жылдың тамыз айынан бері коронавирусқа ұқсас пневмония да тіркелді. Осы диагноз 46 590 адамға қойылды, 532 науқас көз жұмды.