Қоғам

Елбасы мәжіліс төрағасының кандидатурасын ұсынды

Жазылу
Партия фракциясының отырысы барысында Nur Otan төрағасы мәжілістегі басшылық лауазымдарға кандидаттарды талқылауды ұсынды  

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс төрағасы қызметіне Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады Елбасы сайты.    

Мәжілістегі Nur Otan фракциясының отырысында Нұрлан Нығматулин фракция басшысы қызметіне сайланды. Осыдан кейін партия төрағасы оны мәжіліс төрағалығына ұсынды.

Оқи отырыңыз: Назарбаев партияластарынан Асқар Маминді қолдауды сұрады 

"Отырыс барысында Нұрлан Нығматулинді мәжіліс төрағасы қызметіне, Павел Казанцев пен Балайым Кесебаеваны төрағаның орынбасары қызметіне, Жәмиля Нүсіпжанованы мәдени-әлеуметтік даму комитетінің төрайымы қызметіне, Қанат Мусинді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметіне, Марат Құсайыновты қаржы және бюджет комитетінің төрағасы қызметіне, Айгүл Құспанды халықаралық істер комитетінің төрайымы қызметіне, ал Альберт Рауды экономикалық реформалар және аймақтық даму комитетінің төрағасы қызметіне ұсыну бойынша фракция бірлескен ұстанымға келді", - делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін Nur Otan төрағасы Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасын партияның мәжілістегі фракциясының басшысы қызметіне ұсынған болатын. Фракция депутаттары Елбасының ұсынысын бірауыздан қолдады.

Жаңалықтар
0