АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Қазақстан халық партиясы атынан парламент мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 10 депутаттың аты-жөні жарияланды.
Сәрсенбіде өткен съезде партия мүшелері өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. Осылайша, депутат мандаты былай бөлінді:
- Айқын Қоңыров
- Жамбыл Ахметбеков
- Ирина Смирнова
- Айбек Паяев
- Сергей Решетников
- Файзулла Каменов
- Ғазиз Құлахметов
- Ерлан Смайылов
- Александр Милютин
- Айжан Сқақова
10 қаңтардағы сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан мәжілісіне үш партия – Nur Otan (71,09%), "Ақ жол" (10,95%) және "Қазақстанның халық партиясы" (9,1%) өтті. Осылайша, бұған дейін де Қазақстан парламенті құрамында болған партиялар жеңіске жетті, алайда мәжілістегі орын саны өзгерді.
Дариға Назарбаева парламентке оралды: Nur Otan депутаттарының тізімі жарияланды
Бұған дейінгі шақырылымда Қазақстан халық партиясының жеті мандаты болса, жаңа шақырылымда он адам болады. Бұған дейін Nur Otan партиясында 84 (76 мандат – жаңа шақырылымда), "Ақ жол" партиясында 7 (12 мандат –жаңа шақырылымда) адам болды.