Өңірлер

Облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

© Sputnik / Владислав ВодневНаклейка на полу "Соблюдайте дистанцию"
Наклейка на полу Соблюдайте дистанцию - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қаулыға сәйкес, конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық шаралар, адамдар көп жиналатын отбасылық жиындар өткізуге болмайды

АЛМАТЫ, 13 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыға сәйкес, конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық шаралар, адамдар көп жиналатын отбасылық жиындар, митинг, шеру ұйымдастыруға тыйым салынған.

Ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клуб және боулинг орталықтары, кальян орталықтары, балалар ойын алаңдары және аттракциондар, батуттар), букмекерлік кеңселердің және лото-клубтардың қызметіне рұқсат берілмеген.

Сонымен қатар қызметіне тыйым салынды:

  • балаларды сауықтыру лагері қызметіне;
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметіне;
  • банкет залдары қызметіне;
  • аквапарк жұмысына;
  • бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру, орта және жоғарғы оқу ұйымдарындағы асхана жұмысына.

InfoKazakhstan.kz сайтында электронды форматта берілетін санитарлық нормаларға сәйкестігі туралы акт болса, сауда ойын-сауық орталығы, сауда үйлерінің, базарлардың, сауда желілерінің, жәрмеңкелердің, сұлулық салондары, шаштараз, СПА орталықтардың қызметіне және бірқатар қызметке рұқсат беріледі.

Қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде), қоғамдық орындарындағы ашық ауада болған кезде барлық адамдарға медициналық немесе мата бетперделерін міндетті түрде тағуы қажет. 

Қандай жағдайда бетпердесіз жүруге рұқсат етіледі:

  • бес жасқа дейінгі балаларға;
  • қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тамақ ішкен жағдайда;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеке және топ болып спортпен шұғылданған кезде.

Облыста 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін, жалпы оқушы саны 300-ге дейі қалалық және ауылдық мектептер дәстүрлі форматта оқиды.

Ата-аналардың өтінішімен сыныптардың жинақталуын 15 баладан асырмай, жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныптарды қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпты қоса алғанда кезекші сыныптар оқиды.
Арнайы, мамандандырылған ұйымдар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар жұмыс істейді.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) аптаның 6 күні аралас форматта оқиды.

Сабақтан тыс уақытта топтарда 5 адамнан аспайтын оқушыларды жеке оқытуға рұқсат берілген. Сонымен қатар екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері штаттық режимде оқиды.

Қаулының толық нұсқасын сілтеме арқылы оқуға болады.

Жаңалықтар
0