Әлем

Жаңа соғыс ұшағы қандай болуы мүмкін

© Министерство обороны РФ / Медиабанкке өтуКөктегі әскери ұшақтар
Көктегі әскери ұшақтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ту-160 және Ту-95 стратегиялық зымыран тасымалдаушылары әлі күнге дейін Ресейдің ядролық триадасының негізгі дәлелі болып отыр

Дегенмен, тұрақты модернизацияға қарамастан, олардың ресурсы шектеулі. Бұл машиналардың орнына қашықтық авиациясының перспективалы авиациялық кешені (ҚА ПАК) келеді. Қорғаныс министрлігі оның сыртқы түріне қатысты шешім қабылдады. Ал жаңа "стратегтің" қозғалтқышын сынау 2021 жылы басталады, деп жазады РИА Новости.

Қорғаныс министрлігі ҚА ПАК-пен мемлекеттік бағдарлама аясында, яғни 2027 жылдың соңына дейін қаруланады деп жоспарлануда. Әскерилер жаңа ұшақтың эскизін мақұлдап, оның сипаттамалары жөнінде келісті және өндіріске қажетті барлық келісімшарт құжаттарына қол қойды.

С-400 - Sputnik Қазақстан
Ресейдің С-500 әуе қорғаныс жүйесін кім сатып алады
Бомбалаушының тәжірибелік үлгісінің құрылысы туралы өткен жылдың мамыр айында белгілі болды. Желтоқсанда осы ұшаққа арналған алғашқы қозғалтқыштың құрастырылғаны хабарланды. "ОДК-Кузнецов" кәсіпорнының атқарушы директоры Алексей Соболев "РФ бұйымы" белгісі бар күштік қондырғы жыл басына белгіленген стендтік сынақтарға дайындалып жатқанын айтты.

Қосымша тағы бірнеше қозғалтқыш жинақталып жатыр – олар биіктіктегідей жағдай тудыратын стендте де, ұшу зертханасында да тесттен өтеді.

Жоба әзірше құпия сақталуда, ашық ақпарат көздерінде мәлімет жоқтың қасы. Перспективалы ұшақта стелс-технологиялар кеңінен қолданылғаны белгілі. Әлдеқайда қуатты, өнімділігі жоғары және үнемді қозғалтқыштар ұшу ұзақтығын 30 сағатқа дейін арттыра алады (Ту-160-25).

ҚА ПАК "ұшатын қанат" қағидасы бойынға әзірленген. Бұл оның әскери мүмкіндіктері мен маневр жасауға икемділігін жақсарта түседі.

Ресейдің еңбек сіңірген ұшқышы Владимир Попов атап өткендей, мұндай пішін көзге түсу деңгейін де төмендетеді.

"Анау айтқан фюзеляжы жоқ. Жүктеме қанат бойына теңдей етіп бөлінген. Аспалы жабдық жоқ болады, ауа тартқыш аппараттар ішкі жаққа жасырылады, ал, қанаттың артқы бөлігі пайдаланылған ыстық газды жауып тұрады. Сонымен қатар, мұндай конструкция жанармайды, оқ-дәріні және радиоэлектронды жабдықты көбірек тиеуге мүмкіндік береді".

Бұл авиациялық кешенді ең заманауи электроникамен жабдықтайды. Ол алдағы онжылдықтарда да жарамды бола бермек.

"Бұрын да солай болған. Біздің Ту-95 "стратегтеріміздің" қызмет етіп жүргеніне жарты ғасырдан асты. Бірақ, бұл жүктелген міндеттерді әлі күнге дейін еш ақаусыз шешіп жүрген ұшақтар. Ағылшындарда бер кезде "Вулкан" стратегиялық бомбалаушы ұшақ болды. Ол да "ұшатын қанат" қағидасы бойынша құрастырылған. Алайда, одан бас тартты. Себебі, оны басқару тым күрделі көрінді. Өйткені, ол уақытта адам қолымен басқару ғана бар болатын. Ал, ҚА ПАК-та көптеген операцияларды автоматика орындайды", – деді Попов.

Сонымен қатар фюзеляж яғни, ұшақ корпусын дайындайтын кезде жаңа қорытпалар мен композиттер қолданылады. Соңғы жылдары ғалымдар әскери техникаға арналған көзге көріну деңгейі төмен және беріктігі жоғары авиациялық материалдар мәселесінде көш ілгеріледі.

ТМД елдерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі - Sputnik Қазақстан
Видео
ТМД елдері әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің дайындығын тексерді – видео
"Тұрақтандырғыш жоқ кезде бір бұрыштап түйіле ұшу қиынға соғады, - деп түсіндірді Попов. – Бірақ құрастырушылар мұның да амалын тапты. "Ұшатын қанаттың" үлкен көлемі шағын биіктікте әрекет етіп, жер үстінде маневрлікті сақтауға мүмкіндік береді. Ал ауа қатты сейілетін 20 километрде қанат жеткілікті көтергіш күш жасай алады. Бомбалаушы ұшақ жергілікті жердегі бедерлерді айналып өтіп, айтарлықтай төмен ұша алады, тосқауылдан соққы жасап, стратосфералық эшелондардан қарсыласқа оқ атады".

Алайда, перспективалы "стратегтің" сериялық өндірісі және әскерге жаппай жеткізілуі туралы айтуға әлі ерте. Әзірше уақыт сынымен тексерілген зымыран тасымалдағыштарды жетілдіру жалғасуда. 2021 жылы әуе-ғарыш күштерге тереңдетіле жаңартылған Ту-160М бомбалаушы ұшақтарын жеткізу басталуы керек. Алдағы жеті жылда мұндай ұшақтар паркі бір жарым есеге ұлғаяды.

Ресейде Ту-160 өндірісін жандандыру бағдарламасы 2015 жылы басталды. Қатардағы бомбалаушы базасында әзірленген алғашқы тәжірибелік зымыран тасымалдаушы өткен жылдың ақпанында әуеге көтерілді. Одан кейінгілердің барлығы нөлден бастап құрастырылады. Оларға жаңа НК-32-02 қозғалтқыштары орнатылады. Бұл ұшу ауқымын мың шақырымға арттырады.

Сондай-ақ, заманауи борттық жүйелер, бақылау және навигация құралдары, радиоэлектронды қауіпсіздік кешендері және қару-жарақты басқару жүйесі әзірленді.

Жаңалықтар
0