Әлем

23 жастағы жігіт шындықты жасыру үшін өзінің бүкіл отбасын өлтіріп тастады

© Photo : Из открытых источниковМенхаз Заман с родителями и сестрой
Менхаз Заман с родителями и сестрой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Канада тұрғыны, өз отбасының мақтанышы жақындарына өтірік айтып келгенін олардың білмегені дұрыс деген шешім қабылдаған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Ата-анасымен бірге Бангладештен Канадаға қоныс аударған 23 жастағы Менхаз Заман өз отбасынан шындықты жасырғанынан ұялып, оларды өлтіріп тастады, деп хабарлады The Mirror.

Ол ата-анасына университетте инженер мамандығы бойынша білім алатынын айтқан. Олар оны мақтан тұтты және достарына оның жетістіктері туралы мақтанды. Ал шын мәнінде Менхаз Заман еш жерде оқымаған және жұмыс істемеген, барлық уақытын компьютерлік ойындар ойнаумен өткізді.

Университеттің орнына оны жергілікті колледжге қабылдапты, бірақ үлгерімі нашар болғандықтан көп ұзамай Менхаз оқудан шығып қалған. Соған қарамастан, ол оқып жүргендей кейіп танытады: таңертең ноутбугін алып үйден шығып кетіп, "сабақтан" кейін қайтып келіп жүрген.

Алматы қонақ үйінде бір жарым жасар қызын өлтірген шетелдік сотталды

Диплом тапсырылатын уақытқа бір күн қалғанда ол өтірігі ашылып қалмау үшін бүкіл отбасын өлтіріп тастайды: ұйықтап жатқан анасын, содан кейін әжесін пышақтап тастаған, содан кейін үйге оралған әкесі мен әпкесін өлтіреді.    

Содан кейін ол бұл туралы достарына хабарлап, дәлел ретінде мәйіттердің жанында жасаған селфиді жіберген.  

Ойынды бірге ойнап жүрген достары болған жағдайды полицияға хабарлаған.

Құқық қорғау органдары қылмыскерді ұстады. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Алдағы 40 жылда ол рақымшылық жасауға өтініш бере алмайды.

Сотта Менхаз отбасын білетіндердің бәрінен кешірім сұрады.  

Жаңалықтар
0