Әлем

Қырғызстанда қазақстандық жасөспірім көз жұмды – тиісті сараптама тағайындалды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді. Сол жерде сот-медициналық сараптама жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Он екі жасар қазақстандық Қырғызстандағы Қарақол тау-шаңғы базасында қайтыс болды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

"Бүгін, 12 қаңтар, шамамен сағат 15.00-де шаңғымен төмен сырғанап бара жатқан жасөспірім шыршаға соғылып, көз жұмғаны туралы хабар түсті", - деді Ыстықкөл облысы ішкі істер басқармасының басшысы Ұлан Асанбаев.

Тәртіп сақшылары трагедияның мән-жайын анықтап жатыр. 

Жасөспірімнің денесі Ыстықкөл облысының ауруханасына жеткізілді. Сол жерде сот-медициналық сараптама жасалады.

Жаңалықтар
0