АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Ғалымдар адам ағзасындағы коронавирустың таралуына әсер ететін ферментті тапты.
Фермент – ағзада химиялық реакцияға көмектесетін күрделі органикалық зат.
Өкпеде SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін қолдана отырып, Тюбинген университетінің (Германия) мамандары вирус жасушалардың енуіне көмектесетін арнайы зат шығарады деген қорытындыға келді, деп хабарлайды Merkur порталы.
Оқи отырыңыз: Ғалымдар коронавирустың жаңа түрі жылдам таралып жатқанын растады
Зерттеулерге сәйкес, гуанилаткиназа 1 (GK1) ферменті коронавирус үшін ерекше маңызды болып саналады. Оны ағзадан "алып тастағаннан" кейін, SARS-CoV-2 көбеюін тоқтатқан.
Ғалымдар өздерінің бұл жаңалығы COVID-19 инфекциясын емдеуге арналған дәрі-дәрмек жасау және жетілдіру үшін өте маңызды деп есептейді.