Қоғам

Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймаққа енді

© Photo : Пресс-служба акимата Алматы Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек
Новый модульный инфекционный стационар в Алматы рассчитан на 300 коек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Қостанай және Ақмола облыстары "қызыл" аймақта тұр, ал, Атырау облысы "сары" аймаққа ауысты

АЛМАТЫ, 12 қаңтар — Sputnik. Коронавирус инфекциясының таралуы бойынша Қостанай облысы "қызыл" аймаққа көшті де, Атырау облысы "сары" аймаққа қайта оралды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

12 қаңтардағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, қазір екі облыс "қызыл" аймақта, алты өңір "сары" аймақта тұр.

  • "Қызыл" аймақта: Ақмола, Қостанай облыстары;
  • "Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстары;
  • "Жасыл" аймақта: елдің басқа барлық өңірлері.

Қазақстан "сары" аймақта тұр. Бұл қазіргі карантин шараларын сақтауды көздейді.

Жаңалықтар
0