НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық сейсмологтар елде жер сілкінісі болғанын хабарлады.
Жерасты дүмпулері 12 қаңтар күні Алматы уақытымен 19 сағат 21 минут 05 секундта сезілді, деді "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 292-ші шақырымда Қазақстан аумағында тіркелді.
"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. Магнитудасы MPV 5.1. Эпицентр координаттары 44.45° с.ш. 80.10° в.д. Тереңдігі - 20 шақырым. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша): Жаркентте 3-4 балл", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Жаңа жыл түнінде жерасты дүмпулері Қытай аумағында болғаны хабарланды. Алматыдан 361 шақырым қашықтықта тіркелді.