Қоғам

Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание правительства РК в Астане
Здание правительства РК в Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы айдың соңында өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер қаралады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қаңтар айының соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы жылға арналған міндеттер осы айдың соңында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтетін үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралады", - деді премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысында.

Айта кетсек, парламент сайлауынан кейін министрлер кабинетінің өкілеттігі тоқтатылады.

Конституциялық заңға сәйкес, үкімет парламент мәжілісінiң өкiлеттiк мерзiмi шегінде жұмыс істейді және жаңадан сайланған мәжілістің алдында өз өкiлеттiгiн доғарады. Премьер-министр мен министрлер үкiметтің жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн өз мiндетін атқара бередi.

Оқи отырыңыз: Үкімет отставкаға кетуі керек – Тоқаев 

Өңір әкімдері өкілеттігін тоқтатпайды. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімін тек президент тағайындай алады.

Мәжіліс сайлауы

Осы жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда парламент сайлауы өтті.

Сайлау нәтижесі бойынша:

  • Nur Otan партиясы – 71,09%;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы –10,95%;
  • Қазақстан халық партиясы – 9,1%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
  • "Адал" партиясы – 3,57%.

Заң бойынша сайлаушылардың 7%-тен астам дауысын жинаған партиялар парламенттің төменгі палатасына өтеді. Осылайша үш саяси партия мәжіліске келеді.

12 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы үш партияның қанша мандат алғанын жариялады.

"Nur Otan" партиясы – 76 мандат, "Ақ жол" демократиялық партиясы – 12 мандат, ал Қазақстанның халық партиясы 10 мандат алады.

Жаңалықтар
0