Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда ІІ ауысымда оқитын оқушылар мектепке бармайды

© REUTERS / CARL RECINEМектептегі оқушы партасы
Мектептегі оқушы партасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі, 12 қаңтар күні екінші ауысымдағы оқушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқиды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар мектепке бармайды, деп хабарлайды қаланың білім басқармасы.

ІІ ауысымдағы 0-11(12) сынып оқушылары қашықтан, яғни үйден оқиды.

Сейсенбі, 12 қаңтарда елордада желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, бұрқасындатып тұр.

Еске салсақ, 11 қаңтар күні оқу жылының үшінші тоқсаны басталды. Үшінші тоқсанда мектеп бітіретін 9, 11, 12-сынып оқушылары аралас форматта оқиды. Яғни, пәндердің 70%-і мектепте, ал қалған отыз проценті қашықтан оқытылады.

Ал 1-5 сынып оқушылары "кезекші" сыныптарда оқуды жалғастырады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімдігі үшінші тоқсанда 70 мыңға жуық оқушы мектепке баратынын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0