Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан автобусындағы жанжал: жүргізуші жұмыстан шеттетілді

© Sputnik / Владислав ВодневНа остановке автобуса в Нур-Султане
На остановке автобуса в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанның автобус паркінде мүгедек бала мен оның анасына қатысты оқиғадан кейін тексеріс басталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтанда анасының көз алдында есікті жауып, мүгедек баланы алып кеткен автобус жүргізушісі туралы жазба жарияланғаннан кейін елорда автопаркінің басшылығы тексеріс жүргізіп жатыр.

Бұған дейін Facebook қолданушысы сейсенбі күні таңертең №60 автобуста болған оқиға туралы хабарлаған. Жазба авторының айтуынша, "Министрліктер үйі" аялдамасында жүргізуші ортаңғы есіктен кірмек болған әйелге есікті жауып қойған. Бұған дейін жүргізуші оның 9-10 жастағы мүгедек баласын салонға кіргізді, деп мәлімдеді әлеуметтік желі қолданушысы.  

"Мен Назарбаевтың адамымын!": желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды

Әйел есікті қаға бастаған, бірақ жүргізуші аялдамадан жүріп кетеді. Жолаушы автобусты жол-жөнекей көлікпен келесі аялдамада қуып жеткен, бірақ әйел мүгедек балам іште қалды деп айқайлағанына қарамастан, жүргізуші есікті қайтадан жауып тастайды. Одан кейінгі аялдамада ғана ол салонға кірген.  

Пікір қалдырған қолданушылар бұл жағдайға наразылық білдірді.

Оқиғаға елорданың көлік жүйесіндегі жобаларға жауап беретін CTS компаниясының баспасөз қызметі түсініктеме берді.

"№1 автобус паркі" АҚ әкімшілігі толық тексеріс жүргізу үшін бұл автобусты жолға шығармайтынын, ал жүргізуші жұмыстан уақытша шеттетілгенін хабарлайды", - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Қазіргі уақытта салондағы видеоны көру үшін диск алынып жатыр. Шағым расталған жағдайда аталған жүргізушімен еңбек шарты бұзылады, деп қорытындылады баспасөз қызметі.  

Жаңалықтар
0