Қоғам

Nur Otan-ға нақты қанша адам дауыс берді

© Sputnik / Владислав ВодневДауыс беру процесі
Дауыс беру процесі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Комиссия төрағасының орынбасарының айтуынша, сайлау кезінде саяси партияларға 7 241 562 дауыс берілген

НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы таратылған бюллетеньдер мен дауыстардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, осы жолғы сайлауда дауыс беруге құқылы 11 919 241 адам тіркелген. Ал бюллетеньдердің жалпы саны 12 038 433 болды. Оны шығарғанда 1 проценттік резерв ескерілді. Сайлауда 7 539 280 бюллетень берілді. Осылайша, республика бойынша дауыс беру көрсеткіші 63,25 процентті құрады.

Комиссия төрағасының орынбасары Констатин Петровтың айтуынша, сайлау кезінде саяси партияларға 7 241 562 дауыс берілді. Оның басым бөлігін билік партиясы иеленді.

  • Nur Otan – 5 148 074 дауыс (71,09%);
  • Ақ жол – 792 828 дауыс (10,95%);
  • Қазақстан халық партиясы – 659 019 (9,1%);
  • Ауыл – 383 023 (5,29%);
  • Адал – 258 618 (3,57%).
© SputnikМәжіліс депутаттары сайлауының қорытындысы
Nur Otan-ға нақты қанша адам дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаттары сайлауының қорытындысы

Осылайша, 7 проценттік межеден үш партия ғана асты. Олар парламенттің төменгі палатасына өтеді. Депутаттық мандаттардың саны да белгілі.

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы

10 қаңтарда қазақстандықтар мәжіліс пен мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдады. Халық бес партияға дауыс берді.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, 216 мәслихатқа 3 276 депутат сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихатына – 589 мандат, 36 облыстық мәслихатқа – 596 және 163 аудандық мәслихатқа –  2 091 мандат бар.

Ал мәжіліске 107 депутат сайланады. Олардың ішінде 98 депутат партиялық тізіммен өтсе, тағы 9 депутат Қазақстан халқы ассамблеясының атынан мәжіліске келеді. Олар:

  • ҚХА-дан сайланған, мәжілістің VІ шақырылымының депутаты Сауытбек Әбдірахманов;
  • Батыс Қазақстан облыстық "Масис" армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аветик Амирханян;
  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Сартөбе ауылдық округінің әкімі Ильяс Буларов;
  • "Көкшетау гуманитарлық-техникалық лицей-мектебі" КММ директоры Наталья Дементьева;
  • "Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы" ЗТБ төрағасы Юрий Ли;
  • "Барбанг" күрдтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Вакиль Набиев;
  • "Қазақстан татар және башқұрттар конгресі" республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты Шамиль Осин;
  • "ЖетысуОблГаз" ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
  • "Әзербайжандықтар қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абилфас Хамедов.

Оқи отырыңыз: ІІМ сайлау күні болған митингілерге қатысты түсініктеме берді

Жаңалықтар
0