АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ақпаратты Sputnik Қазақстан тілшісіне әнші Сәкен Майғазиев растады.
Сонымен қатар әншінің құрбысы – сазгер Индира Елубаева Instagram парақшасында жаңа қызметімен құттықтады.
"Менің Ақбота құрбым Шымкент қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла!", - деп жазды Елубаева.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ал Ақбота Керімбекова бұл жайында жақында өзі хабарлайтынын айтты.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" директоры қызметіне тағайындалса, жуырда танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызы Шымкентте опера және балет театрының басшысы болды.