НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Алматы маңында салынып жатқан тоғыз қабатты тұрғын үй кешені отқа оранды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сәйкес, сағат 17.57-де "Нұрия" тұрғын үй кешенінен өрт шыққан (Талғар ауданы, Бесағаш ауылы).
Оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері мен 6 техникасы және алматылық департаменттің 10 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.
"Салынып жатқан екі тоғыз қабатты үй арасындағы жылыту материалы жанды", - деді өңірлік департаментте.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram