Экономика

Парламент сайлауынан кейін доллар бағамы қалай өзгерді

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, валюта, тенге, доллар
Деньги, валюта, тенге, доллар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күнде америкалық валюта 0,20 теңгеге қымбаттады. Нұр-Сұлтан мен Алматының айырбас орындарында доллар 421-422 теңге аралығында сатылуда

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Қазақстан қор биржасында (KASE) 2021 жылдың 11 қаңтардағы кешкі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 419,18 теңге болды.

Бір күнде америкалық валюта 0,20 теңгеге қымбаттады. Айта кетейік, бұл бағам Ұлттық Банктің 12 қаңтардағы ресми бағамы болып табылады.

9-11 қаңтар аралығында ұлттық валюта 418,96 теңге болды.

Kurs.kz сайтының деректері бойынша, доллар Алматы айырбас орындарында орта есеппен 422 теңгеден сатылып, 419,5 теңгеге сатып алынды.

Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау пункттерінде америкалық валютаны 421 теңгеге сатып, 419,5 теңгеден сатып алады. Шымкенттің айырбас орындарында долларды 420,5 теңгеден сатып, 419,5 теңгеден сатып алып жатыр.

Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті. Парламентке үш партия өтті: "Қазақстанның Халық партиясы" (бұрынғы коммунистер) – 9,1%, Nur Otan – 71,09% және "Ақ Жол" – 10,95%.

Жаңалықтар
0