НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дүйсенбі, 11 қаңтарда, Бейбітшілік және келісім сарайында Ассамблея сайлайтын мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша ҚХА-ның XXVIII сессиясы ашылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы (Ассамблея мүшелерінің жиыны) – Ассамблеяның жоғарғы басқарушы органы.
Бүгінде ҚХА құрамына 504 адам кіреді. Әр сайлаушы – ҚХА мүшесі жеке дауыс береді. Ассамблея мүшелерінің 50%-тен астам дауысын жинаған кандидаттар мәжіліске өтеді.
Сессия аяқталғаннан кейін Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерін жариялайды.
Соңғы қорытындыны Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
ҚХА-ның хабарлауынша, премьер-министр Асқар Мамин, оның орынбасары Ералы Тоғжанов, сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов, сонымен қатар министрлер мен ассамблеяның басқа да мүшелері дауыс берген.