Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Пандемия кезіндегі сайлау қалай өтті – фото

Жазылу
10 қаңтар күні сағат таңғы 07:00-де Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау басталды. Елдің басым бөлігінде дауыс беру Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:00-де аяқталды. Сайлау учаскелерінде саяси шара қалай өткенін фототоптамадан көре аласыз

Sputnik Қазақстан фотографтары дауыс беру кезіндегі маңызды сәттің ешбірін қалт жібермеді.

Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.

Жаңа жағдайда қазақстандықтардың қалай дауыс бергенін фототоптамадан тамашалаңыз.

Сайлау учаскелері кешкі сағат сегізге дейін жұмыс істеді де, одан кейін бюллетендерді санау басталды.

Оқи отырыңыз: Аңыз әңгімелер негізінде салынған әлемдегі таңғажайып көпірлер – фото

Дауыс беру аяқталғаннан кейін екі аптаның ішінде аймақтың сайлау комиссиялары облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша сайлау қорытындысы туралы хаттамаларды Орталық сайлау комиссиясына ұсынуы керек.

ОСК жеті күннің ішінде – 2021 жылдың 7 қаңтарына дейін мәжіліс сайлауының соңғы қорытындысын жариялайды.

© Sputnik / Абзал КалиевЕлдің көп аймақтарында сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды - Sputnik Қазақстан
1/24
Елдің көп аймақтарында сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖалпы ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
Жалпы ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.  - Sputnik Қазақстан
2/24
Жалпы ел аумағында 10 мыңнан астам сайлау учаскесі ашылды.
© Sputnik / Владислав ВодневҚорғаныш әйнек, бетперде, медициналық халат пен қолғап – коронавирус пандемиясы кезіндегі міндетті талап. Сайлау учаскелерінде бұл талап қатаң сақталды.
Қорғаныш әйнек, бетперде, медициналық халат пен қолғап – коронавирус пандемиясы кезіндегі міндетті талап - Sputnik Қазақстан
3/24
Қорғаныш әйнек, бетперде, медициналық халат пен қолғап – коронавирус пандемиясы кезіндегі міндетті талап. Сайлау учаскелерінде бұл талап қатаң сақталды.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақстанда сайлау комиссиясының мүшелері осындай қорғаныш киімін киюі алғаш рет.
Қазақстанда сайлау комиссиясының мүшелері осындай қорғаныш киімін киюі алғаш рет.  - Sputnik Қазақстан
4/24
Қазақстанда сайлау комиссиясының мүшелері осындай қорғаныш киімін киюі алғаш рет.
© Sputnik / Абзал КалиевДауыс беру учаскесіне кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, қолғаптар берілді.
Дауыс беру учаскесіне кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, қолғаптар берілді.  - Sputnik Қазақстан
5/24
Дауыс беру учаскесіне кіреберісте сайлаушылардың дене қызуы тексеріліп, қолғаптар берілді.
© Sputnik / Владислав ВодневМемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.  - Sputnik Қазақстан
6/24
Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы Оқушылар сарайының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесіне келді.
© Sputnik / Абзал Калиев"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана Опера ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.  - Sputnik Қазақстан
7/24
"Nur Otan" партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" ғимаратындағы учаскеде дауыс берді.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра РКПремьер-министр Асқар Мамин де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол елордадағы №138 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
Премьер-министр Асқар Мамин де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. - Sputnik Қазақстан
8/24
Премьер-министр Асқар Мамин де алғашқылардың бірі болып дауыс берді. Ол елордадағы №138 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
© Photo : Минобороны РКӘскери оқу орындарындағы курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери бөлімшелер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылып, мұнда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.
Әскерилер де дауыс берді - Sputnik Қазақстан
9/24
Әскери оқу орындарындағы курсанттар мен мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери бөлімшелер мен әскери оқу орындарында 19 сайлау учаскесі құрылып, мұнда дауыс беру мерзімінен бұрын аяқталды.
© Photo : Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Нұр-Сұлтандағы №144 сайлау учаскесінде неке қидырған жас жұбайлар дауыс берді. Өмірлеріндегі мұндай маңызды күнге қарамастан Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева азаматтық борышын өтеді.
Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева  - Sputnik Қазақстан
10/24
Нұр-Сұлтандағы №144 сайлау учаскесінде неке қидырған жас жұбайлар дауыс берді. Өмірлеріндегі мұндай маңызды күнге қарамастан Фархат Жанбеков пен Ботагөз Қалтаева азаматтық борышын өтеді.
© Sputnik / Владислав ВодневСайлаушылар учаскелерге балаларымен де келді.
Сайлаушылар учаскелерге балаларымен де келді.  - Sputnik Қазақстан
11/24
Сайлаушылар учаскелерге балаларымен де келді.
© Sputnik / Владислав ВодневАлматыдағы дауыс берушілер белсенділігі төмен, ал Жамбыл облысындағы дауыс беру көрсеткіші жоғары деңгейде болды.
Алматыдағы дауыс берушілер белсенділігі төмен, ал Жамбыл облысындағы дауыс беру көрсеткіші жоғары деңгейде болды.  - Sputnik Қазақстан
12/24
Алматыдағы дауыс берушілер белсенділігі төмен, ал Жамбыл облысындағы дауыс беру көрсеткіші жоғары деңгейде болды.
© Sputnik / Владислав ВодневОсы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.  - Sputnik Қазақстан
13/24
Осы жылы коронавирус пандемиясы салдарынан Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыру түбегейлі өзгерді.
© Sputnik / Владислав ВодневСайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар шыны әйнектің арғы жағында отырды.
Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар шыны әйнектің арғы жағында отырды.  - Sputnik Қазақстан
14/24
Сайлау комиссиясының мүшелері мен бақылаушылар шыны әйнектің арғы жағында отырды.
© Sputnik / Владислав ВодневДауыс беру кабиналарында санитарлық тазалау тұрақты жүргізіліп тұрды.
Дауыс беру кабиналарында санитарлық тазалау тұрақты жүргізіліп тұрды.  - Sputnik Қазақстан
15/24
Дауыс беру кабиналарында санитарлық тазалау тұрақты жүргізіліп тұрды.
© Sputnik / Владислав ВодневСайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық сақталды. Ол үшін еденге арнайы белгілер қойылды.
Сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық сақталды. Ол үшін еденге арнайы белгілер қойылды.  - Sputnik Қазақстан
16/24
Сайлау учаскелерінде әлеуметтік қашықтық сақталды. Ол үшін еденге арнайы белгілер қойылды.
© Sputnik / Владислав ВодневБюллетеньдерге арналған жәшіктер бөлменің ортасына қойылған. Ал кабиналар бір-бірінен перделермен бөлініп тұрды.
Бюллетеньдерге арналған жәшіктер бөлменің ортасына қойылған. Ал кабиналар бір-бірінен перделермен бөлініп тұрды.  - Sputnik Қазақстан
17/24
Бюллетеньдерге арналған жәшіктер бөлменің ортасына қойылған. Ал кабиналар бір-бірінен перделермен бөлініп тұрды.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстан ОСК мәліметі бойынша, дауыс берушілердің жалпы саны 11 миллион 919 мыңнан асуы керек болатын.
Қазақстан ОСК мәліметі бойынша, дауыс берушілердің жалпы саны 11 миллион 919 мыңнан асуы керек болатын.  - Sputnik Қазақстан
18/24
Қазақстан ОСК мәліметі бойынша, дауыс берушілердің жалпы саны 11 миллион 919 мыңнан асуы керек болатын.
© Sputnik / Абзал КалиевНұр-Сұлтандағы сайлау учаскелердің бірінде бюллетеньдерге арналған сейфтің ашылғаны анықталды.
Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелердің бірінде бюллетеньдерге арналған сейфтің ашылғаны анықталды. - Sputnik Қазақстан
19/24
Нұр-Сұлтандағы сайлау учаскелердің бірінде бюллетеньдерге арналған сейфтің ашылғаны анықталды.
© Sputnik / Владислав ВодневЕлдегі сайлау кезіндегі тәртіпті 40 мыңнан астам құқық қорғаушы бақылады.
Елдегі сайлау кезіндегі тәртіпті 40 мыңнан астам құқық қорғаушы бақылады.  - Sputnik Қазақстан
20/24
Елдегі сайлау кезіндегі тәртіпті 40 мыңнан астам құқық қорғаушы бақылады.
© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандағы сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген үш жүзден астам бақылаушы қатысты.
Қазақстандағы сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген үш жүзден астам бақылаушы қатысты.  - Sputnik Қазақстан
21/24
Қазақстандағы сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден келген үш жүзден астам бақылаушы қатысты.
© Sputnik / Владислав ВодневСағат 20:00-де Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш аяқталды. Себебі, бұл аймақтар басқа уақыт белдеуінде орналасқан.
Сағат 20:00-де Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды. - Sputnik Қазақстан
22/24
Сағат 20:00-де Қазақстанның басым бөлігінде дауыс беру аяқталды. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру бір сағатқа кеш аяқталды. Себебі, бұл аймақтар басқа уақыт белдеуінде орналасқан.
© Sputnik / Владислав Воднев18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауға қатыса алды.
18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауға қатыса алды.  - Sputnik Қазақстан
23/24
18 жасқа толған әрбір қазақстандық сайлауға қатыса алды.
© Sputnik / Абзал КалиевСағат 21:00-де Қазақстанның барлық аймағында дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды.
Сағат 21:00-де Қазақстанның барлық аймағында дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды. - Sputnik Қазақстан
24/24
Сағат 21:00-де Қазақстанның барлық аймағында дауыс беру аяқталып, бюллетеньдерді санау басталды.
Жаңалықтар
0