Қоғам

ҰҚШҰ миссиясы Қазақстанда сайлау қалай өткеніне қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Ксения ВоронинаҰҚШҰ миссиясының өкілдері
ҰҚШҰ миссиясының өкілдері  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҰҚШҰ бақылаушылары пандемия кезінде Қазақстандағы сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылды деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының (ҰҚШҰ ПА) миссиясы Қазақстандағы парламенттік сайлауда ешқандай заңбұзушылықтар тіркеген жоқ. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитеті төрағасының орынбасары Умахан Умаханов мәлімдеді.

"ҰҚШҰ байқаушылар миссиясы парламенттік ассамблея төрағасы Вячеслав Володиннің бұйрығы негізінде міндетімізді атқардық. Бұл миссияға барлық ҰҚШҰ елдері кіреді. Кеше 49 сайлау учаскесінде болдық, бірде-бір заң бұзушылық тіркелген жоқ", – деді Умаханов.

Ол Қазақстандағы сайлау елордада да, аймақтарда да жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Тіпті, пандемияға байланысты бірқатар жаңашылдықтар болды – қазақстандық тарап қорғаныс құралдарын ұйымдастырды. Атап айтқанда, қолғаптар мен маскалар таратты. Қауіпсіздік шарасына қатысты барлық жағдайлар жасалды. Менің ойымша, қиын-өыстау кезеңде сайлаудың қалай ұйымдастырылғанын көрген миссияның барлық мүшелері Қазақстанда көргендерін өз елдерінде қолданады", – деді Умаханов.

Ол ҰҚШҰ миссиясынан басқа ТМД байқаушылар миссиясы да Қазақстандағы сайлауды бақылағанын, онда да ешқандай заң бұзушылықтар тіркелмегенін айтты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда сайлау учаскелерінің бірінде оқыс жағдай болды

ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларуссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.

Жаңалықтар
0