Cайлаушылардың 7 процентінен астам дауысын жинаған саяси партиялар мәжіліске өтеді. Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша партиялардың жинаған дауысы мынадай:
- Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер) –9,10 %;
- "Nur Otan" партиясы –71,09 %;
- "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы – 5,29%;
- "Ақ жол" демократиялық партиясы – 10,95 %;
- "Адал" саяси партиясы ( бұрынғы "Бiрлiк") –3,57 %.
Партиялық тізімдер бойынша сайланатын мәжіліс депутаттары сайлауының соңғы қорытындысы аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының түпнұсқасы келіп түскеннен кейін жарияланады.