Елорда тынысы

Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді

© Photo : pixabay.comНәрестелер, иллюстративті фото
Нәрестелер, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлау күні туылған нәрестелерге көп жағдайда Сайлау, Қасым-Жомарт немесе Нұрсұлтан сияқты есімдер таңдалады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Сайлау күні Нұр-Сұлтан қаласында 69 нәресте дүниеге келді.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сәбилердің қатарында ұл балалар көбірек.

"10 қаңтарда Нұр-Сұлтанда мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау күні 69 бала дүниеге келді. Оның 34-і қыз, 35-і ер балалар", – делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, сайлау күні Алматы облысында 94, ал Түркістан облысында 102 бала туған. Бұл аймақтағы туу коэффициенті бойынша рекордтық көрсеткіш ретінде тіркелді.

Оқи отырыңыз: Атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойды

Жаңалықтар
0