Қоғам

"Ақ жол" басшысы сайлаушылардың сенімін ақтауға уәде берді

© Sputnik / Абзал КалиевЛидер партии "Ак жол" Азат Перуашев во время предвыборной гонки перед голосованием в мажилис 2021 года
Лидер партии Ак жол Азат Перуашев во время предвыборной гонки перед голосованием в мажилис 2021 года - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азат Перуашев "Ақ жол" партиясы үшін дауыс берген қазақстандықтарға алғысын білдіріп, сенімді ақтауға уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. "Ақ жол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Nur Otan және Қазақстанның халық партиясы лидерлерін сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Exit-poll нәтижесі бойынша мәжіліске үш партия өтті: Nur Otan; "Ақ жол" демократиялық партиясы ; Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер).

Оқи отырыңыз: Қоңыров Exit poll нәтижесіне қатысты ойын бөлісті 

Партия төрағасы саяси ұйымды қолдаған отандастарына алғыс білдірді. Айтуынша, биылғы науқан қауіпті індетпен тұспа-тұс келді. Соған қарамастан барлық санитарлық талапты сақтай отырып, сайлау ұйымдастырылды. Бұл тәжірибе енді алдағы уақытта кәдеге жарап, еліміздің дамуына септігін тигізеді деп сенім білдірді партия төрағасы.

"Меніңшe, біздің партияларымыз, біздің сайлаушыларымыз өздері үшін өте жақсы тәжірибе жинап алды. Ол тәжірибе ары қарай да еліміздің дамуына, елімізді демократияландыруға өте пайдалы, өзекті болады деп ойлаймын. Соған сенімдіміз және мен барша "Ақ жол" партиясы үшін дауыс берушілерге өз алығысымды білдіремін", - деді Перуашев "Хабар 24" арнасының эфирінде.

Ол "Ақжол" халық сенімін ақтауға тырысатынын атап өтті.

"Оған еш күмән болмасын және әріптестерімді –  басқа да партиялар көсемдерін, Тұңғыш президентімізді құттықтаймын", - деп түйіндеді Азат Перуашев.

Жаңалықтар
0