Әлем

Арман Дәулетияров "Муз-ТВ" арнасын басқармайтын болды

© Туржан НурилаАрман Давлетьяров
Арман Давлетьяров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жайлы орыннан ауысып, жаңа жетістіктерге жету үшін осындай шешім қабылдағанын хабарлады

АЛМАТЫ, 11 қаңтар – Sputnik. Ресейлік медиаменеджер Арман Дәулетияров "Муз-ТВ" арнасының бас директоры қызметінен кететінін хабарлады.

"Елуге толған соң әрі қарай жаңа мақсаттар мен жетістіктерге жету үшін өзімді тағы сынағым келетінін түсіндім. "МУЗ-ТВ" арнасындағы қызметімнен кетемін, алайда менің жүрегім мен жаным мәңгіге сол жерде қалады", - деп жазды Дәулетияров Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Arman Davletyarov (@arman_dav)

Дәулетияров ашылғанына 25 жыл болған телеарнаның жетістігін атап өтті.

"Тыныштық тауып, арнадан алыстай алатын уақыт келді. Мен "Муз-ТВ" арнасының бастауында тұрдым, арна алғашқы қадамын жасаған кезде осында жұмыс істей бастадым. 25 жылдың 20 жылында бірге болдық, арнамен бірге әртістер мен көрерменнің бірнеше буыны қатар өскеніне қуаныштымын", - деп жазды ол.

Сондай-ақ, телеарнадағы қызметкерлерге, акционерлер мен ән әлемінің өкілдеріне алғыс білдірді.

Арман Дәулетияров жайлы ақпарат

Арман Дәулетияров – этникалық қазақ, Ресейде тұрады. 1970 жылы 13 тамызда Орынбор облысы Тамар-Уткуль деген шағын ауылда дүниеге келген. Отбасында үш баланың кенжесі. Мектепті бітірген соң Мәскеуге барып, 1985 жылы кәсіптік-техникалық училищені (колледж) қызыл дипломмен бітірді.

2001 жылы Дәулетияров "Музыкалық бірлік" ("Музыкальное единство") продюсерлік компаниясын ашты. 2003 жылы Ресей федерациясы мемлекеттік думасы депутатының көмекшісі болды, Орынбор облысындағы №131 бір мандатты округ бойынша дауысқа түсті.

А'Studio, "Динамит", Мұрат Насыров, Батырхан Шүкенов және басқа да көптеген танымал музыкалық топтармен және әртістермен жұмыс істеді.

2010 жылы Арман Дәулетияров Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталды.

2017 жылы оған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атағы берілді. 

2020 жылдың тамызында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесі үшін алғыс айтты.

2020 жылы Ресей президенті Владимир Путин Достық орденімен марапаттады.

 

Жаңалықтар
0